Қоғам

Жалғызбасты аналар мен әкелер мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясынан босатылады

© PhotoЕр адамның қолындағы бала
Ер адамның қолындағы бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Б" корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясы үш кезеңнен тұрады

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Жалғыз басты аналар мен әкелер, сонымен қатар декреттік демалыстағы немесе аяғы ауыр әйелдер және жас сәбиі барлар мемлекет басшысының актімен мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясынан босатылады деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік қызмет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР-да "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау жоспарланып отыр

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестациялаудан "Б" корпусындағы қызметкерлер өтеді: орталық деңгейде – министрліктер мен ведомстволар департаменттерінің сарапшыларынан бастап директорларына дейін; облыстық деңгейде – жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың мамандарынан бастап басшыларына дейін; аудандық деңгейде – ауылдық әкімшіліктердің жетекші мамандарынан бастап аудан әкімдерінің орынбасарларына дейін,  аумақтық органдардың мамандарынан бастап басшыларына дейін.

Аттестациядан кім босатылды

Бұған декреттік демалыстағылар, аяғы ауыр әйелдер, үш жасқа дейінгі сәбиі бар әйелдер, 14 жасқа дейінгі бала тәрибиелеп отырған жалғызбасты әкелер мен аналар жатады.

Сонымен қатар, зейнет жасына тақап қалған тұлғалар, "А" корпусының резервінде тұрған қызметкерлер, мемлекеттік қызметке алғаш рет тұрған және алты айдан кем уақыт жұмыс істегендер аттестациядан босатылады. 

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтөбеде жоғары қызметтегі шенеунік пен жұбайы сотталды

Аттестацияның үш кезеңі

Бірінші кезеңде жұмыскерге қызметкерлерді басқару қызметі бағалау парағын толтырады, онда қызметкер туралы жеке деректер, сонымен қатар көтермелеу, жаза, бағалау нәтижелері туралы мәлімет, тікелей басшысының мінездемесі қамтылады.

Екінші кезеңде қызметкерлердің жеке біліктіліктерін тексеру үшін тест алынады. 

Үшінші кезеңде аттестациялық комиссиялар қызметкерлермен сұхбат жүргізеді, комиссия мүшелері сұхбаттың қорытындысы мен алдыңғы кезеңдегі нәтижелерді ескеріп, шешім қабылдайды. 

Жаңалықтар
0