Қоғам

ҚР-да "Б" корпусының мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау жоспарланып отыр

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызмет
Мемлекеттік қызмет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ережелерге сай аттестация үш кезеңнен тұрады

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. 2017 жылы "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерін аттестациялау жүргізіледі деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, бұрынғы аттестациялармен салыстырғанда, бұл жолы бір реттік әрі кешенді сипатта өтеді. Сонымен бірге, заңнаманы білу деңгейін тексеретін тестілеу болмайды. Оның орнына арнайы автоматтандырылған бағдарламаның көмегімен мемлекеттік қызметкерлердің  қызметті тиімді атқару үшін қажетті құзіреттілігі тексеріледі.

"Аттестацияның мақсаты кәсіби біліктілікті тексеру ғана емес, мансабын өсіру үшін қабілетті қызметкерлердің әлеуетін анықтау болып табылады. Сол себепті "ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңы анықтағандай, аттестациялық комиссия қызметкердің лауазымын жоғарылату шешімін қабылдай алады. Аттестация атқарып отырған қызметіне байланысты үш кезеңнен тұрады", — деп мәлімет берді ведомство. 

Жаңалықтар
0