Өңірлер

Ақтөбеде жоғары қызметтегі шенеунік пен жұбайы сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шенеунік үш жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның жұбайы мектеп директоры бостандығын шектеу және мәжбүрлі еңбек жазасына кесілді.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik.  Сот Ақтөбе облысындағы білім беруді басқару департаментінің бұрынғы басшысы мен мектеп директоры қызметін атқарған жұбайына үкім шығарды деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Актобе  ФК жанкүйерлері - Sputnik Қазақстан
Спорт
БАҚ: жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Ақтөбе" ФК тексереді

Ерлі-зайыпты алаяқтық жасағаны үшін айыпты деп танылды. Ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимді колонияда өтеуге үкім шығарылды. Ал, оның әйелі бір жылға бас бостандығын шектеу және 60 сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасына кесілді. Ерлі-зайыптының мүлкі тәркіленді.

Соттының анықтауынша, бұрынғы шенеунік 2015-2016 жылдары делдал арқылы "Қауылжар №44" станциясындағы бастауыш мектептің меңгерушісі мен Қос-Істек орта мектебі директорының орынбасарынан ақша алып отырған. Ақшаны мектептердің аттестаттаудан өтуіне қатысты мәселелерді шешу үшін алған, алайда шын мәнісінде аттестаттау комиссиясына ықпал етуге немесе жоспарлы мемлекеттік аттестаттау бойынша шешімдер қабылдауға құзыреті болмаған.

Сотта Т. деген азаматтың Илек орта мектебінің директоры қызметін атқарған сотталушының жұбайына 500 мың теңге ақша бергені анықталды. Әйел Ақтөбе қаласының №18 мектебінің аттестаттаудан өтуіне қатысты мәселелерді жұбайына айтып шешкізу үшін пара алған.   

Жаңалықтар
0