Спорт

БАҚ: жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Ақтөбе" ФК тексереді

Жазылу
Биыл "Ақтөбе" ФК аты бірінші рет дауға қалып отырған жоқ: біраз бұрын Қазақстан премьер-лигасының бірінші айналымында клубқа шымкенттік "Ордабасымен" ойынды келісіп алған деген күдік тағылған болатын.

АСТАНА, 6 қар — Sputnik. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық бөлімшесі "Ақтөбе" футбол клубының қаржы қызметін тексереді деп жазды "Диапазон" аймақтық басылымы.

Ерлан Қожағапанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қожағапанов қызметтен кетті, бірақ қайтып келуі мүмкін

Сонымен қатар, клубтың шоттарын қатырып тастағаны айтылды. Соған байланысты ФК қызметкерлері өткен ай үшін жалақыларын әлі алған жоқ. Дереккөздің мәліметінше, "Ақтөбе" басшылығы чемпионаттың бірінші алтылығына ену үшін миллондаған ақшаны бюджеттен қалай бөлгені анықталуда.

"Қаржы мәселесінен бөлек, жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері осы жылы теңбе-тең есебімен аяқталған "Ақтөбе" мен "Ордабасы" командаларының арасындағы ойынға байланысты келісім болған-болмағанын анықтауда. Қолда бар мәліметтер бойынша клуб өкілдерінің букмекерлік кеңселерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", — деп жазады басылым. 

Жаңалықтар
0