Спорт

Қожағапанов қызметтен кетті, бірақ қайтып келуі мүмкін

Жазылу
Қазақстан мен Қытай арасындағы матч күніне қатысты дау, президенттің немересі Айсұлтан Назарбаевтың ҚФФ қызметін сынға алуы – мұндай "бэкграунды" бар Ерлан Қожағапановтың қызметтен кетуі уақыт еншісінде екені белгілі болса да, ондай ештеңе мәлімдемеген еді. Дегенмен ақыры соңында қызметтен кетуге өтініш берді.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik.  Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті Ерлан Қожағапанов өз еркімен қызметтен кетуге өтініш білдірді деп хабарлады жұма күні ҚФФ ресми сайтында.

портфель - Sputnik Қазақстан
Спорт
Байшақов ҚФФ президенті қызметінде уақытша Қожағапановтың орнын басады

Ресми іс-шара 28 қазанда жасалады: ҚФФ кезектен тыс сайлау конференциясында федерация экс-президенті Қожағапановтың қызметтен кетуі бекітіледі. Негізінде ол қызметін бұдан бұрын тоқтатып, шетелде білім алу үшін уақытша ұйымнан кеткен еді.

ҚФФ президенті қызметін Қожағапанов 2012 жылы 24 желтоқсаннан бері атқарып келе жатыр, алайда биыл ғана оған қатысты бірнеше рет шу шықты. Соған қарамастан, федерация президенті қызметтен кететіні туралы сөз қозғаған емес. 

Құрама жетістігі, "Астана" жетістігі

Біріншіден, Қожағапанов басшылық еткен соңғы бір-екі жыл ҚФФ үшін жемісті болды. Ұлттық құрама тарихта бірінші рет FIFA рейтингінің алғашқы жүздігіне енді. Екіншіден, Қожағапанов қызмет еткен кезде әуелі қарағандылық "Шахтер", кейін елордалық "Астана"  Еуропа Лигасы және Чемпиондар Лигасына қазақстандық сара жол салды. 

Әлбетте мұның бәрі бірінші кезекте бапкерлер мен футболшылардың сіңірген еңбегі, бірақ не дегенмен, ҚФФ қызметі құрама мен клубтардың нәтижелері бойынша бағаланады, ал олардың үлкен жетістікке жеткені айтпаса да белгілі. 

Қытай мен "Ақтөбе"

Әттең, биылғы көктемде кімнің қожайын екенін көрсетемін деп артық кеткені болмаса, Қожағапанов осы абыройымен де қазақстандық клуб жетекшілерінің көңілінен шығар еді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы матчты маусым айының басына белгіленгендіктен, ұлттық біріншіліктің екі турын кейінге қалдырға тура келді. Ол кезде клубтық еуро іріктеу кезеңіне санаулы күндер қалғандықтан, клуб бапкерлері  ойыншыларын соған дайындап жатты.  Шынтуайтқа келгенде, ҚКФЛ бұл күнге мүлдем келіспеуге құқығы болды, өйткені ұлттық біріншілік күнтізбесі бекітіліп қойған еді. 

Заң жүзінде бұл құжатты өзгертуге ешкімнің хақы жоқ, бірақ тәжірибе жүзінде күнтізбеге дауыс берген барлық тараптардың келісімімен өзгертуге болады. Ұзын сөздің қысқасы, павлодарлық "Ертіс" пен алматылық "Қайрат" турды кейінге қалдыруға қарсы болды. Бірақ Қожағапанов олардың көзқарасын былайша сипаттады: "Ертіс" пен "Қайрат" ұлттық құрама мүддесіне қарсы!". 

Ал, жазда "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев пен "Ордабасы" бапкері Бахтияр Байсейітов арасындағы телефон арқылы жасалған сұхбаттың ғаламторда тарауы үлкен шу шығарды. Сұхбат Қазақстан премьер лигасының соңғы турындағы матчқа қатысты өзара келісімнің болғанын дәлелдейді-мыс. Қаншама тексерістерден кейін бұл матчтың келісіммен ойналғаны анықталмады, бірақ Қазақстанның кейбір БАҚ "Қожағапанов "Ақтөбе" командасына қолдау көрсетеді" деп жар салғандықтан, экс-президенттің аты дауға қалды. 

Қайта ораламын деп кете барды…

ҚФФ президенті қанша жерден сынға алынып, аты дауға қалса да, қызметтен кету жайында тыс жармаған еді. Тіпті ҚФФ-да президент қызметін атқарушы пайда болғанда да, ешкім Қожағапановтың кете қалатынына сенбеген болатын. Ал осы жылы желтоқсанда өтетін ҚФФ президенті сайлауында ол үміткер ретінде қайта оралмақшы. 

Қарашадан кейін ҚФФ келесі президентінің тасы өрге домаламаса, әкімшілік ресурс Қожағапановты бұрынғы қызметіне қайтаруы мүмкін.  Өз еркімен қызметтен кету деген де өте тиімді пиар әдісі, сәлден кейін "қараңдар, мен тұрғанда құрама қандай еді, қазір қандай" деп айтуға жақсы мүмкіндік тууы мүмкін.   

Жаңалықтар
0