Спорт

Байшақов ҚФФ президенті қызметінде уақытша Қожағапановтың орнын басады

© Sputnikпортфель
портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қожағапановтың оқуға кетуіне байланысты орнына Сейілдә Байшақов келді

АСТАНА, 19 қаз – Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов уақытша қызметінен кетті, деп хабарланады ұйымның ресми сайтында.

Тиісті шешім 19 қазанда өткен Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің кезектен тыс отырысы барысында қабылданды.

"ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың ұзақ мерзімге оқуға кетуіне байланысты уақытша федерация президентінің міндетін Сейілдә Байшақов атқарады", — делінген хабарламада.

Қожағапанов бұл қызметке 2014 жылдың 24 желтоқсанында келген болатын. 


Жаңалықтар
0