Саясат

Қуандық Бишімбаевтың мастандырар мансабы

© Служба центральных коммуникацийҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеуде отырған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстандағы ең жас жоғары лауазымды шенеуніктердің бірі болды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстан ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа қазіргі уақытта жемқорлық жасады деген күдік келтірілген еді. Небәрі 36 жастағы экс-министр елеулі мансапқа қол жеткізген.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қуандық Бишімбаев пара алды деген күдікпен ұсталды

Қуандық Бишімбаев 1980 жылы Қызылордада дүниеге келген. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2001 жылы "Болашақ" бағдарламасы арқылы Вашингтонда Дж. Вашингтон атындағы университетте бизнесті басқару магистрі дәрежесін алды. Экономика ғылымдарының кандидаты.

27 жасында Қуандық Бишімбаев өнеркәсіп және сауда вице-министрі қызметіне тағайындалып, Қазақстанның ең жас жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі болды. 

2009-2010 жылдары Қазақстан президенті көмекшісі қызметін атқарған, 2010-2011 жылдары – экономикалық даму және сауда вице-министрі. 2011-2013 жылдары "Самұрық-Қазына" қоры басқармасы төрағасының орынбасары болды.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев: Бишімбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

2013-2016 жылдары "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің төрағасы қызметін атқарды. 

Ұлттық экономика министрі қызметінде небәрі жеті ай ғана болды – өткен жылдың мамыр-желтоқсан аралығында. Содан кейін президенттің жарлығымен "Бәйтерек" холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге" байланысты қызметтен аластатылды.

10 қаңтарда Бишімбаевтың алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғалардың ішінде ірі көлемде бірнеше мәрте пара алғаны үшін ұсталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта экс-министр Астанада уақытша ұстау изоляторында отыр. Сот алды тергеу ісі жалғастырылуда.  

Жаңалықтар
0