Саясат

Назарбаев: Бишімбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

© Photo : Служба центральных коммуникацийҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қуандық Бишімбаевтың орнын ұлттық экономика министрі қызметінде Тимур Сүлейменов басты.

АСТАНА, 30 жел – Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасай отырып. 

Желтоқсанның соңында Бишімбаев Ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды. Бұл қызметте орнын Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі Тимур Сүлейменов басты. 

ҚР сыртқы істер министрлігінің басшыларымен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев  ұлттық экономика министрлігіндегі тағайындауларға қатысты жаңалықтармен бөлісті.

"Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингіндегі қызметіне қатысты мәселелердің туындауына байланысты қызметінен босатылды. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — деп келтіреді Назарбаевтың сөзін баспасөз қызметі. 

Кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Бәйтерек Development" басқармасының бұрынғы төрағасы тұтқындалды

"Байтерек Development" басқармасының бұрынғы төрағасы қамауға алынды. Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысы болып Тимур Сүлейменов тағайындалды. Оның алдына қойылған міндеттерді орындай алады деп ойлаймын", — деп толықтырды Назарбаев.

Бишімбаев 2013-2016 жылдар аралығында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы қызметін атқарған. 

"Бәйтерек Development" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты істің тергелуі барысында аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларының бірі – басқарманың бұрынғы төрағасы Жақсыбаев Б. тұтқындалды. Ол қазір ҚР ұлттық экономика министрлігінің "Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарады деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

"Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А, Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынған. Сонымен қатар, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ бірнеше рет пара бергені үшін Project City Group ЖШС басшылары мен оның құрылтайшылары — Есмұханов Б., Смағұлов Қ., Жұманазар Е. және Комаров А. есімді қызметкерлер ұсталды.


Жаңалықтар
0