Қоғам

"Бәйтерек Development" басқармасының бұрынғы төрағасы тұтқындалды

© AP Photo / Moises CastilloКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын пара алды деген күдікпен "Бәйтерек Development" АҚ бірнеше қызметкері ұсталған болатын.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. "Бәйтерек Development" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты істің тергелуі барысында аса ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларының бірі – басқарманың бұрынғы төрағасы Жақсыбаев Б. тұтқындалды. Ол қазір ҚР ұлттық экономика министрлігінің "Қазақстандық ТКШ модернизациялау және дамыту орталығы" АҚ басқармасының төрағасы қызметін атқарады деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Бәйтерек" холдингі "еншісінің" топ-менеджерлеріне жемқорлықта күдік келтірілді

Жақсыбаев Б. қылмыстың барлық қатысушыларының іс-әрекетін басқарып отырған, оларды рөлдерге бөліп, алынатын параны бөліп берген. 

Оған қатысты Алматы аудандық №2 сотының санкциясы бойынша 2016 жылы 30 қарашада "қамауға алу" бұлтарпау шарасы қолданылды. 

Жаңалықтар
0