Оқиға

"Бәйтерек" холдингі "еншісінің" топ-менеджерлеріне жемқорлықта күдік келтірілді

© AP Photo / J Pat CarterҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство ұсталғандардың үйінде жүргізілген тінту мен ақша тәркілеу түсірілген оперативтік бейнені жариялады.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек"  Ұлттық басқарма холдингі АҚ-нің енші компаниясының бірқатар топ-менеджерлері жүйелі түрде пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

"Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды", — делінген хабарламада. 

Тергеудің болжамынша, қылмыстық топтың әр мүшесі белгілі бір жұмыспен айналысқан. Осылайша, Айтымбетов құрылыс компанияларының өкілдерінен ақша алып, кейінірек ол қаражатты Жақыпов пен Сариевке берген. Өз кезегінде қалған екеуі келісімшарттар мен орындалған жұмыстар актісіне қол қойып отырған.

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, қылмыстық топта 13 кәсіпорын болған. Ол  құрылыс нысандары Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған қалаларында орналасқан. 

Бейсенбіде таратылған хабарламаға сәйкес, 17 қарашала 28 миллион теңге пара алып жатқан жерінен Жақыпов, Сариев және Айтымбетов есімді лауазымды тұлғалар ұсталды.

Сонымен қатар, "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ бірнеше рет пара бергені үшін Project City Group ЖШС басшылары мен оның құрылтайшылары — Есмұханов Б., Смағұлов Қ., Жұманазар Е. және Комаров А. есімді қызметкерлер ұсталды.

Сондай-ақ, осы қылмыс бойынша пара алған компанияның бұрынғы басқарушы директоры Анарбай да ұсталды. Қазіргі уақытта ол ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды. 


Жаңалықтар
0