АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Ауа райына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында жол жабылды, деп хабарланады Қ ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
3 қаңтардан бастап, ауа райының нашарлауына байланысты "Астана-Көкшетау" т/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, жел) "Астана-Қарағанды" республикалық маңыздағы автожолда автокөліктің барлық түрлеріне жол жабық. Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" (0-82 ш), "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" (232-260 ш), "Жезқазған-Петропавл" (440-595 ш) автожолы учаскелерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
Ауа райының нашарлауына байланысты (қар, күшті жел, жолдың нашар көрінуі) "Екатеринбург – Алматы" 1280-1353 км (Астана қ. мен Қараганды облысы) автожолы учаскесінде барлық автокөліктер түрлеріне жол жабык. Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) барлық автокөлік түрлеріне мына бағыттарда қозғалыс тоқтатылды: "Теміртау қ. - Теміртау қ. - Ақмола обл. шекарасы" ("Алматы – Екатеринбург" а/ж 1051-1127км).
Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты "Жезқазған-Петропавл" (252-377 ш), "Әулиекөл-Жолдама" (0-257 ш) а/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Павловка-Галицкоек" (0-40 ш) жолы бөлігінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Шақат-Восточное-Шалдай" (0-121,6) облыстық а/ж учаскесінде барлық автокөліктерге қозғалыс тоқтатылды. 04.01. күні сағат 23:50-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Павлодар-Шарбақты-РФ шекарасына дейін" (0-111) республикалық а/ж учаскесінде барлық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды. Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Талдықорған-Қапал" (0-76 ш) т/ж және «Сарыөзек-Қоғалы» (69-75 ш) т/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) "Семей-Қайнар" (8-284 ш) т/ж учаскесінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық Ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, жолдың көрінбеуі) "Семей-Қарауыл" (4-80 км) жолында барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық. Солтүстік Қазақстан облысында 04.01. күні 18-00-ден бастап, ауа райының қолайсыздығына байланысты (желдің күшейуі, сырғыма (боран), облыс аумағындағы "Саумалкөл-Новоишимское" КТ-64 т/ж 0-91 км бастап, "Арықбалық-Саумалкөл" КТ-65 0-27 км бастап, "Еленовка-Арықбалық-Чистополье-Есіл" КСТ-62 17-209 км дейінгі жолдар барлық көлік түрлеріне жабық.