Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде өткінші суық күтілуде

© Sputnik / Яков Андреев / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан аумағында циклонның ауысуы салдарынан қар жауып, боран болады және батыстан қатты жел соғады

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде өткінші суық күтілуде деп хабарлады "Қазгидромет".

Синоптиктердің айтуынша, жаңажылдық мереке күндері ауа температурасы Қазақстан аумағында нормадан  8-15ºС жоғары болды. Күндізгі температура +2ºС дейін көтерілді. Шығыс облыстарындағы жылы ауа-райы — бірінен соң бірі Батыс Сібір және Қазақстанның солтүстік аудандары арқылы өткен  атлантикалық циклондармен байланысты болды.

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады

"Кезекті циклон жақын арадағы тәуліктерде республиканың солтүстік жартысындағы ауа райына өз ықпалын тигізеді. Соған орай қар жауып, боран соғып, күшті батыс желі күтілуде", — делінген хабарламада.

Орталық Азиядан жылжыған циклон оңтүстік облыстарға  жауын-шашын, тұман және көктайғақ әкеледі.  Қазақстанға  Архангельск ауданынан антициклон ауысып, 6-7 қаңтарда республиканың көптеген облыстарында өткінші суық тудырады деп қорытындылады "Қазгидромет".

Жаңалықтар
0