Өңірлер

Сәрсенбі күні Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болады

© SputnikБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның кейбір облыстарында, синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жауып, жел күшейеді және боран соғады

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, солтүстікте жел тұрады және орталықта боран соғады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайтында.

Ақмола облысында жел ұйытқиды деп күтіледі, екпіні – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 18-23, ұйытқуы 28 м/с, түнде кей жерлерде – тұман, көктайғақ.

Аяз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қаңтар аязы: жаңа жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамы

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20, түнде ұйытқуы 23 м/с. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-20, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында оқтын-оқтын жел ұйытқиды 23 м/с. Павлодар облысында кей жерлерде – боран, көктайғақ, желдің екпіні 17-22 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – боран, тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 25 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей жерлерде – боран. Атырау, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Маңғыстау облысында – кей жерлерде тұман.    

Жаңалықтар
0