Өңірлер

Қаңтар аязы: жаңа жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2017 жылдың келуіне санаулы сағаттар ғана қалды, синоптиктер Отты қораз жылының алғашқы айына арналған ауа райы болжамын жасады

АСТАНА, 31 жел – Sputnik. Қазақстанда ауа райының суытуының үш толқыны болады деп күтіледі, біріншісі – Рождество мейрамында, екіншісі – "Крещение" мерекесінде және соңғысы – қаңтар соңында деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Боран - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
2016 жылғы соңғы күн қарлы боранымен қазақстандықтардың есінде қалады

"Айдың көбірек бөлігінде Атлантикалық циклонның өтуімен, желдің екпіні  15-20 м/с дейін жетіп, қар жауып, боран соғады, оңтүстік аймақтарды жауын-шашын, тұман және көктайғақ құбылыстары байқалады. Осыған қарамай, ай бойы суытудың үш толқыны күтілуде, олар христиандардың рождестволық және шоқындыру (крещение) мерекелері (17-23 қаңтар) мен айдың соңына тура келеді", — делінген хабарламада. 

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес ауа температурасының едәуір төмендеуін 17-23 қаңтар мен айдың соңында күтілуде, сол кезде ауа температурасы: еліміздің солтүстік жартысында түнде 30…35° дейін аязға, күндіз 20…25° дейін аязға; оңтүстік жартысында түнде 20…25 ° дейін аязға, күндіз 15…20 ° аязға дейін төмендейді.

Болжамға сәйкес ауаның орташа температурасы Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл және Алматы облыстарында – нормаға жуық,  қалған аумақта – нормадан 1°С жоғары  болады деп күтіледі.   Айлық жауын-шашын мөлшері Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының көп бөлігінде нормаға жуық,  қалған аумақта – нормадан жоғары  болады деп болжанады. 

Жаңалықтар
0