Оқиға

Өтеуовтің ісі бойынша төрт полицей бас бостандығы мен шендерінен айырылды

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтуҚылмыстық істер
Қылмыстық істер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Процессуалдық келісімге келмеген төрт сотталушыға қатысты үкім шықты

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Атырау қаласының №2 соты бұрынғы полицейлерге қатысты қаралған қылмыстық іс бойынша үкім оқыды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

Атыраудағы сотталушы полицейлер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өтеуовтің хаты: сотталушы полицейлер соңғы сөзін сөйледі

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті тұрғын Дмитрий Кимді ұрлап өлтіргені үшін 2016 жылы 3 мамырда сотталған бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовтің мойындау хатынан соң ұсталды. Өтеуов жазған хатында марқұмның туған-туыстарынан кешірім сұраған, сонымен қатар басшылықты осы және басқа да тапсырыс берілген кісі өлтірулерге, бизнесмендерді бопсалауға, айғақтарды бұрмалауға және басқа да ауыр қылмыстарға қатысқаны үшін айыптаған.

Бұдан бұрын өз кінәларын жартылай мойындап, прокурормен процесстік келісімге келген сотталушылар Александр Ким, Али Қабдешев, Аслан Хайруллин және Азидулла Баяновқа қатысты үкім шыққан. 

Сотталушының екеуі 2 жылға бас бостандықтарын шектеуге, бір полиция қызметкері жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен 2,5 бас бостандығынан айыруға, тағы бір сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. 

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Атырауда Өтеуовтың хатынан кейін екі полиция қызметкері ұсталды

Осылайша, Ернар Іздібаев пен Нұржан Оразалиев ҚР ҚК-нің 416-бабының 4-бөлігінде, 412-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, оларға түпкілікті жаза ретінде 3 жыл бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екеуі де  полиция лейтенанты арнайы атағынан айырылды. 

Азамат Достанов пен Ілияс Стамғалиев ҚР ҚК-нің 362-бабының 2-бөлігінде, 369-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерді жасауда кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына түпкілікті жаза ретінде мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін мемлекеттің меншігіне тәркілеумен 3  жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар да полиция майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды. 

Сотталғандар жазаларын жалпы тәртіптегі колонияда өтейтін болады. 


Жаңалықтар
0