Өңірлер

Өтеуовтің хаты: сотталушы полицейлер соңғы сөзін сөйледі

© Photo : Ак ЖайыкАтыраудағы сотталушы полицейлер
Атыраудағы сотталушы полицейлер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер кінәсін жартылай мойындады, тағы төртеуі процесстік келісімге келмеді

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. 27 желтоқсан күні Атырау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта полицейдің тәубе хатынан кейін ұсталған ҚІІБ қызметкерлерінің ісі жөнінде екі жақтың пікірсайысы өтті деп жазады аймақтық "Ақ Жайық" басылымы.

полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда жоғалып кеткен полицияны өлтірді деген күдікті ұсталды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жергілікті тұрғын Дмитрий Кимді ұрлап өлтіргені үшін 2016 жылы 3 мамырда сотталған бұрынғы полицей Манарбек Өтеуовтің мойындау хатынан соң ұсталды. Өтеуов жазған хатында марқұмның туған-туыстарынан кешірім сұраған, сонымен қатар басшылықты осы және басқа да тапсырыс берілген кісі өлтірулерге, бизнесмендерді бопсалауға, айғақтарды бұрмалауға және басқа да ауыр қылмыстарға қатысқаны үшін айыптаған.

26 желтоқсан күні сотталушы Александр Ким, Али Қабдешев, Аслан Хайруллин және Азидулла Баянов процесстік келісімге келіп, кінәларын жартылай мойындаған. Осы төрт бұрынғы полицей мен Манарбек Өтеуовке шығарылған үкім сейсенбі күні қысқа үзілістен соң оқылды.

© Photo : Ақ ЖайықМанарбек Өтеуов
Манарбек Өтеуов - Sputnik Қазақстан
Манарбек Өтеуов

Хайруллин мен Ким ҚР ҚК 416, 412 баптары бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Баянов ҚР ҚК 369,362 баптары бойынша айыпты деп танылып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, жаза мерзімін жалпы тәртіпті колонияда өтейді. Қабдешевке үш жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, ол да жазасын жалпы тәртіпті колонияда өтейді.

Өтеуовке бес жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды, жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейтін болады. Бұдан бұрын 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 

Қалған төрт сотталушы – Ернар Іздібаев, Нұржан Оразғалиев, Азамат Достанов пен Ілияс Стамғалиев – процесстік келісімге келмеді. 27 желтоқсан күні олар екі жақтың пікірсайысына қатысып, содан кейін соңғы рет сөз сөйледі.

Іздібаев кез келген адамның қателесуі мүмкін екендігін айтып өтті.

© Photo : Ақ ЖайықАтыраудағы сотталушы полицейлер
Атыраудағы сотталушы полицейлер - Sputnik Қазақстан
Атыраудағы сотталушы полицейлер

Достанов он жыл бойы полицияда қызмет етіп келе жатқанын айтып, көптеген марапаттауларға ие болғандығын мәлімдеді. Оразғалиев пен Стамғалиев аталған қылмыстарға қатысы жоқ екенін айтты. Төртеуі де сот үкімінің әділетті болуына үміттенеді.

Прокурор төртеуін де төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.     

Жаңалықтар
0