Қоғам

Атырауда Өтеуовтың хатынан кейін екі полиция қызметкері ұсталды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы поиция қызметкері Өтеуовтың хатынан кейін Атырауда қылмыстық полиция қалалық ІІБ басшысы мен қалалық аға жедел уәкілеттіұсталды

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Бұрынғы полиция қызметкері Манарбек Өтеуовтың хатында көрсетілген екі полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 

Полиция қызметкері Манарбеков жергілікті тұрғын Дмитрий Кимді ұрлады және өлтірді деген айып бойынша сотталған. Алайда тергеу барысында изоляторда жатқан кезінде Өтеуов, өзінің құрбанының туыстарынан кешірім сұрап, мойындау хатын жазған. Ол сондай-ақ хатында өз басшылығын осы және басқа да қылмыстарға қатысы бар деп айыптаған.

Өтеуов 22 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтетін болады.  

Дүйсенбі, 17 қазанда Атырауда қылмыстық полиция қалалық ІІБ басшысы Нұрболат Қабдеш пен қалалық аға жедел уәкілетті Бейбіт Шәлтенов ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Оларға, "билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану, топпен жасалған қылмыс" бойынша айып тағылды. 


Жаңалықтар
0