Қоғам

Өзін-өзі өртеген әйел ауыр хәлде жатыр

© Photo : pixabay.comЖан сақтау бөлімі
Жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдің сырт терісінің 60%-ын күйік шалған.

АСТАНА, 7 жел — Sputnik. Ұлына шығарылған үкіммен келіспей Астанадағы Бас прокуратура ғимаратының алдында өзін-өзі өртеген әйел ауыр хәлде жатыр, деп хабарлады №1 қалалық аурухананың комбустиология бөлімшесінің меңгерушісі Павел Кутняков. 

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бас прокурор өзін-өзі өртеп жіберген әйел туралы: мәселені өз қолыма аламын

Оның сөзіне қарағанда, емделуші 6 желтоқсан күні "жедел жәрдем" көлігімен №1 аурухананың қабылдау бөліміне келіп түскен. 

"Түскен кезде емделушінің жағдайы, сырт терісінің үлкен бөлігі зақымдалуымен шартталған  ауыр болды. Емделуші ЖИТБ (жан сақтау же интенсивті терапия бөлімі) жатқызылды. Онда шокқа қарсы терапия басталып, арнайы өртке қарсы төсек жағдайына орналастырылды", — деді Кутняков журналистерге. 

"Бүгінгі таңда емделушінің жағдайы ауыр болып қала беруде, ол күю шогымен шартталған. Зақымдану ауданы 60%", — деп қосты ол. Дәрігердің мәлімдеуінше, емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталған барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр екен.

Бас прокуратура - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада бас прокуратура ғимараты алдында әйел адам өз-өзін өртеп жіберді

Сейсенбі күні Астанадағы Бас прокуратура ғимаратының алдында әйел кісі өзін-өзі өртеп жіберді. Ведомствода хабарлағандай, әйел адам 1968 жылы туылған Рысманова есімді азаматша. Ол 1988 жылы туылған ұлы Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.

Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған. 


Жаңалықтар
0