АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Сейсенбі күні Астанада бас прокуратура ғимараты алдында әйел адам өз-өзін өртеп жіберді деп хабарлады ведомство баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"Бүгін 12:16-да Бас прокуратураның бақылау-өткізу пунктіне үш әйелді ерткен әйел адам кіріп, сырт киімін шешті де, үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберді", — деп хабарлады баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бақылау-өткізу пунктінің қызметкерлері тез арада өртті сөндірді деп атап өтті ведомство.
"Оның бұл іс-әрекеті ойда-жоқта, күтпеген жерден болды. Бұл қадамға бармас бұрын сырт көзге ештеңе білдірмеген еді", — дейді баспасөз қызметі.
Әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, "жедел жәрдем" шақыртылды.
Бастапқы мәліметтер бойынша, әйел адам 1968 жылы туылған Рысманова есімді азаматша. Ол 1988 жылы туылған ұлы Ахметовтың үкіміне келіспегендіктен, өз-өзін өртеп жіберген.
Прокуратура берген анықтама бойынша, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Ахметов ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) бойынша сотталып, 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.
Толығырақ ақпарат Ахметовке қатысты қылмыстық іс дерегі зерттелгеннен соң белгілі болады.