АСТАНА, 7 жел – Sputnik. ҚР бас прокуроры Жақып Асанов сейсенбі күні болған өзін-өзі өртеу актісін сұмдық жағдай деп атады.
"Бұл сұмдық жайт, қазір сонымен айналысып жатырмын. Мұның бәрі тектен-тек емес. Адамдар сөзіне ешкім құлақ аспағанда осындай қадамға барады", — деді Асанов тілшілерге.
"Қазір оның тезірек сауығып кетуін күтіп отырмыз. Қажет болса, көмек көрсетеміз. Бұл мәселемен өзім айналысамын, бірақ алдын ала оған қатысты заңсыз шешім қабылданды дей алмаймын. Қалай болғанда да, сот үкімі шығарылды. Біз бәрін мұқият қарастырамыз", — деп сендірді ол.
Асановтың сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта прокуратура "арыз-шағымның астында қалды", сол себепті "адамдар мемлекет қолдауын сезіну үшін орасан зор жүйелік өзгерістер" қажет.