АСТАНА, 6 жел — Sputnik. Алматылық "Қайрат" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан өткен маусымдағы Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы деп хабарлайды республиканың Кәсіби футбол лигасы сайты.
Клубтардың басшылары, бапкерлері және капитандары үздік ойыншы, үздік бапкер және үздік жас ойыншыны таңдады. Дауыс беру кезінде жауап беруші үш фамилияны атауға мүмкіндік алды. Аталған бірінші ойыншы үш ұпайға иеленсе, екіншісі – екі ұпайға, ал үшіншісі – бір ұпайға иеленді.
Нәтижесінде бірінші орынды 46 ұпаймен Бауыржан Исламхан иеленді. Екінші орынды 27 ұпаймен маусымды "Ордабасы" сапында бастаған "Астана" ойыншысы Азат Нұрғалиев және "Қайраттың" шабуылшысы Жерар Гоу өзара бөлісті.
Төртінші орынға 15 ұпаймен павлодарлық "Ертістің" жартылай қорғаушысы Карлос Фонсека иеленді. Алғашқы бестікке 13 ұпаймен Андрей Аршавин да ("Қайрат") кірді. Маусымның үздік бапкері атағына "Астананың" жаттықтырушысы Станимир Стойлов иеленді (83 ұпай).
"2016 жылғы Премьер-Лиганың үздік жас ойыншысы" номинациясында "Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев жеңіске жетті. Оның қоржынында 49 ұпай. Екінші орында — ақтөбелік Дидар Жалмұқан (32 ұпай). Үшінші орында – "Ертіс" клубының сол қапталдағы қорғаушысы Григорий Сартаков – 19 ұпай.