АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Алматы футбол клубы "Қайрат" сәрсенбі күні жартылай шабуылшы Андрей Аршавиннің 2017 жылғы маусымда қазақстандық клубы құрамында ойын көрсететінін мәлімдеді.
"Аршавинмен жасалған келісімшарт ұзартылды: ол "Қайрат" футбол клубы құрамында 2017 жылдың соңына дейін ойнайтын болады", — делінген алматылық команданың ресми сайтындағы хабарламада.
Ресей құрамасының бұрынғы капитаны мен "Қайрат" басқармасы биыл көктемде "1+1" схемасы бойынша келісімшарт жасасқан еді, яғни осы маусым аяқталғаннан кейін тараптардың келісімді тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар.
Алматылық клуб сапында Аршавин 36 матчта ойнап, 11 мәрте гол соққан.