Спорт

БАҚ: УЕФА кубогы төрттігінің финалы Алматыда өтеді

© Photo : Официальный сайт МФК "Кайрат"УЕФА кубогы төрттігінің финалы
УЕФА кубогы төрттігінің финалы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы футзал клубы "Қайрат" өз тарихында жетінші рет еурокубоктың ақтық кезеңіне жетті. Екі рет жеңіске жеткен.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. УЕФА кубогының Төрттік финалы келесі жылдың сәуірінде Алматыда өтеді, деп хабарлайды "Р-Спорт" агенттігі Ресейдің шағын футболдан ассоциациясының басшысы Эмиль Алиевке сілтеме жасай отырып. 

Сейсенбі күні Ньон қаласында УЕФА кубогы мен жағажай футбол комитетінің отырысы өтті. УЕФА кубогының ақтық кезеңінде ресейлік "Газпром-Югра", португалиялық "Спортинг", испаниялық "Интер Мовистар" және алматылық "Қайрат" күш сынасады. 

"Комитет мүшелері қазақстандық "Қайраттың" ұсынысын қолдады. 2017-ші жылдың сәуір айында УЕФА кубогының Төрттік финалы Алматыда өтеді, — деді Эмиль Алиев. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана УЕФА кубогының екі дүркін иегері "Алматы Аренада" УЕФА кубогының Элиталық кезеңін қабылдаған болатын. 


Жаңалықтар
0