Оқиға

Ақмола облысындағы жол апатының мән жайы: ер адам өмірін құрбан етті

© Фото очевидцев из соцсетейжол апаты
жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апатта үш әйел мен ер адам қаза тапты; кейіннен бұл тас жолда ТЖД көлігі мен полиция автокөлігі соқтығысты.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik. 4 желтоқсан күні  Астана-Щучинск автобанында орын алған жан түршіктірерлік  жол апатында бірнеше көлік соқтығысты; бұғатталып қалған автокөлікте қалып қойған әйелдерді құтқармақ болған ер адам қаза тапты, деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда әскери қызметкерлер мінген жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты

Апат Атамекен ауылының маңында орын алды. Соқтығысу салдарынан көліктердің бірі Nissan Cefiro автокөлігінің есігі бұғатталып қалады. Алайда жүргізуші амал тауып шығып алады да, салон есігін ашуға тырысады. Оған көмекке ВАЗ-2106 жеңіл көлігінің жүргізушісі келіп, капотқа шығып алып аяғымен көліктің терезесін сындыруға тырысқан болатын. Осы уақытта Бурабайдан Астанаға жол тартқан, салонында 49 жолаушысы бар автобус оларға соқтығысады.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында Астана қаласының 1984  және 1967 жылы туылған екі тұрғыны, 1994 жылғы Зеренді ауданының тұрғыны, сонымен қатар көмектеспек болған "ВАЗ-2106" көлігінің жүргізушісі,  Бурабай ауданының 1966 жылғы тұрғыны қаза тапты.  

Автокөліктен екі жасар баланы құтқару мүмкін болды, ол Бұланды орталық аудандық ауруханаға жеткізіліп, бүлдіршіннің әжесі мен атасы анықталды. 

тұман - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СҚО-дағы жол апаты: мұғалімнің неге балаларды өз көлігімен әкеткені анықталуда
 

Қаза тапқандардың денесін полиция мәйітханаға жіберді, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Одан бөлек сол күні ТЖД көлігі мен полиция автокөлігі соқтығысты. 

ІІД-нің мәліметінше, жол апатына нашар көріну, көктайғақ, бір күн бұрын жауған жауын салдарынан тас жолда қатқан мұз қабаты себеп болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. 

© Фото очевидцев из соцсетейАстана-Щучинск автобанындағы жол апаты
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты
© Photo : Фото очевидцев из соцсетейАстана-Щучинск автобанындағы жол апаты
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/2
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты
1/2
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты
2/2
Астана-Щучинск автобанындағы жол апаты

"Ауа райы жағдайынан тыс, көрінудің нашар екенін біле тұра, қозғалу жылдамдығын түсірмеген жүргізушілердің менмендігі де себеп болған болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Бәлкім, біздің камералар көрсетіп отырғандай Астанадан Бурабайға сағат таңғы 7-де шыққан авобус жүргізушісінің сүрлігуі де, әсер еткен болуы мүмкін", — деді "ҚазАвтоЖолда" АҚ-да.

Сондай-ақ, жолдарды жабу туралы шешім полиция, ТЖД, және жолшылармен келісе отырып қабылданатынын хабарлады. Астана-Бурабай тас жолы ауа райы қолайсыздығына байланысты сағат 15:00-де жабылды. Ал жол апаты күндізгі сағат екілерде орын алған. 


Жаңалықтар
0