АСТАНА, 5 жел — Sputnik. Көкшетауда келісім шарт қызметі негізіндегі әскери қызметкерлерін тасымалдаған жүк көлігі Mercedes жеңіл көлігімен соқтығысты, бір адам зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға құқық қорғау органдарында.
"Mercedes көлігінің жүргізушісі көлігін басқара аламай, ішінде жеті келісімшарт негізіндегі әскерилер болған "ГАЗ-53" автокөлігімен соқтығысты. ЖКО салдарынан 1989 жылы туылған бір әскери қызметкер мұрнын сындырып алды", — деп ақпараттандырды агенттікпен әңгімелесуші.
Әскери бөлімінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы қанағаттандырарлық.
Материалдық зиян нақтылануда. "Шетел көлігінің жүргізушісі ЖКО кезінде мас болған", — деді әңгімелесуші.