АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан қаза тапқан дене шынықтыру мұғалімінің неліктен балаларды өз көлігінде апарғанын анықтау үшін комиссия құрылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық білім беру басқармасында.
Жұма, 14 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында жол апатынан басқа ауданға балаларды жарысқа алып бара жатқан дене шынықтыру мұғалімі қаза тапты. 14 қазанда Явленко аудан орталығының маңында Жезқазған-Петропавл автожолында орын алған ЖКО дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Білім басқармасында, бұған ережелермен тыйым салынған атап өтті. Балаларды тек арнайы автокөлікпен жол полициясының еріп жүруімен алып жүруге болады.
"Олар дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізген қазақ күресі бойынша республикалық жарыстардың облыстық турына кеткен. Аудандық білім беру бөлімі баларды шығару туралы бұйрық шығарады. Бұйрықта "Газель" автокөлігін бөліп, жол-патрульдік қызметтің алып жүруіне тапсырыс беру тапсырылған. Қандай себеппен балалардың бапкермен, оның көлігінде шыққандығын арнайы комиссия анықтады. Комиссияны басқарма жетекшісінің орынбасары Владимир Ткаченко басқарады", — деді басқармада.