Өңірлер

Қазақстанда жексенбі күні ауа райы жауын-шашынды болады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің көптеген аймақтарында көктайғақ, тұман, боран болып, жел күшейеді, кей жерлерде желдің ұйытқуы 28-30 м/с дейін.

АСТАНА, 4 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы жауын-шашынды болады, кей жерлерде қатты жауады, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Боран - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанның кейбір облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында төменнен соққан боран, көтайғақ, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел соғады – 15-20 м/с, ұйытқуы – 23-28 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – тұман, желдің күшеюі күндіз – 15-20 м/с, ұйытқуы – 25 м/с, кей кездері 30 м/с асады, Жамбыл облысында – көктайғақ.  

Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында – тұман, көктайғақ, жел – 15-22 м/с, Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғады.

Атырау облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, күндіз кей жерлерде жел соғады – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында, синоптиктердің болжауынша, жел соғады – 15-20 м/с, төменнен соққан боран, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында – боран, көктайғақ, түнде жел – 15-20 м/с.

Президенттің Астанадағы сарайы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: суық болады

Қостанай облысында желдің ұйытқуы – 15-20 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран.

Солтүстік Қазақстан облысында – түнде тұман, күндіз – көктайғақ, жел – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, боран соғады деп күтіледі, жел  - 15-20 м/с.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында – жел – 18-23 м/с, ұйытқуы – 30 м/с асады. 

Жаңалықтар
0