АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде 3-5 желтоқсанда синоптиктер жел күшейіп, боран тұрады және көк тайғақ болады деп болжайды, деп хабарланады ҚРІІМ ТЖ комитетінің сайтында.
Астана қаласында 3 желтоқсанда күндіз, 4-5 желтоқсанда тәулігіне оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының Алакөл көл аудандарында оңтүстік шығыстан жел соғады, күші 18-23, екпіні 30 м/с аса күтіледі. 3 желтоқсанда күндіз, 4 желтоқсанда тәулігіне Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, 4 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25, кей уақыта 30 м/с аса күтіледі.
4 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында, 4 желтоқсанда күндіз Шығыс Қазақстан облысында шауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, Шығыс Қазақстан облысының — бұрқасын күтіледі.
Желтоқсанның 3-4 күндері Оңтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарының аласа таулы өзендерінде жаңбыр болжамына байланысты еріген қар суынан пайда болған су тасқынының және беткелік ағынның орын алуы күтіледі.