Өңірлер

Желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: суық болады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПрезиденттің Астанадағы сарайы
Президенттің Астанадағы сарайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Қазақстанның Тәуелсіздік күні аязды ауа райы болады деп болжайды.

АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 2016 жылғы желтоқсанға арналған метеоболжамды жариялады. 

 Болжамға сәйкес осы айдағы ауаның орташа температурасы Батыс Қазақстан, Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының көп бөлігінде  нормадан  1 °С төмен, республиканың қалған аумағында —  нормаға жуық  болады деп күтілуде.

Жауын-шашынның айлық мөлшері: Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облысының кей жерлерінде — нормадан төмен; Батыс Қазақстан, Солтүстік  Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе мен Қостанай облыстарының көп бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы және тау бөктері аудандарында — нормадан жоғары;  қалған аумақта — нормаға жуық  болады.    

Желтоқсандағы құбылмалы ауа-райы белсенді циклондардың жиі өтуімен және оларға қатысты болатын атмосфералық фронттармен байланысты болып, еліміздің солтүстік жартысында қар жауып, жел күшейіп, бұрқасын тұрады,    оңтүстік жартысында тұман басып, көктайғақ құбылыстары орын алады.  Ал желтоқсанның  5-8, 10, 13-16 кезеңіндегі суық антициклонның таралуымен — ашық бірқалыпты аязды ауа-райы күтіледі.

Күнілгергі болжам бойынша Тәуелсіздік күні мерекесінде ауа температурасының едәуір төмендеуі күтілуде, сол кезде термометр бағаны:  

батыста 13-14 желтоқсанда түнде 23…280  дейін, күндіз 17…220  дейін аязды;

еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында                           14-16 желтоқсанда түнде 25…330  дейін, күндіз 20…250  дейін аязды;

оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 15-16 желтоқсанда түнде 13…200  дейін, күндіз 8…130 дейін аязды көрсетеді.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың үшінші он күндігінде ауа температурасының төмендеуі:

солтүстік жартысында түнде 30…380  дейін аяз, күндіз 23…280  дейін аяз;

оңтүстік жартысында түнде 20…250  дейін аяз, күндіз 13…180  дейін аяз күтілуде.


Жаңалықтар
0