АСТАНА, 2 жел — Sputnik. "Ақтөбе" Футбол клубы бас бапкерін тағайындады, команданы украиналық Игорь Рахаев жаттықтыратын болады, деп хабарланады команданың ресми сайтында.
Игорь Владимирович Раха́ев 1973 жылы 26 мамырда Харьков қаласында өмірге келген. Кезінде жартылай қорғаушы позициясында ойнаған украиндық футболшы. 2002 жылдан бері жатықтырушы қызметін атқарып келеді. Харьков қаласының "Металлист" футбол клубының бас жаттықтырушысы болып қызмет атқарған. Жоғары білімді.
Харьков мемлекеттік дене шынықтыру академиясын бітірген. Үлкен футболдағы карьерасын "Маяк" (Харьков) клубында 1990 жылы бастаған. 1992 жылыУкраинаның жоғары лига чемпионатында ойнаған "Торпедо" (Запорожье) клубына ауысады.
1995 жылы "Металлист" (Харьков) клубында ойнаған. 1998 жылы "Арсенал" (Харьков) клубына ауысады. Жаттықтырушы ретінде "Арсенал" (Харьков) командасында 2002-2005 жылдар аралығында жұмыс жасады.
2005 жылдың қаңтар айы мен желтоқсанына дейін "Металлист" клубында жаттықтырушы болды. "Арсеналдың" бас жаттықтырушысы ретінде Рахаев Украинаның жоғары лигасына шығуына дайындаған.
2010-11 жылдары "Металлистің" жастар командасымен Украина чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 2011-12 жылдары "Металлист" ФК бас жаттықтырушысы Мирон Маркевичтің көмекшісі болды.
2014 жылдың 19 мамырынан бастап "Металлист" ФК бас жаттықтырушысы.Сондай-ақ, Игорь Рахаев "Металлист" футбол клубын УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығарды.
2013-2014 жылдардағы футбол маусымында Харьковтың "Металлисті" Украина чемпионатында қола медальға ие болды.