Оқиға

"Ақтөбе" ФК бас директорына Т300 млн жымқырды деген күдік келтіріліп отыр

© Photo : Официальный аккаунт ФК "Актобе" в Facebook "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев
Ақтөбе футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дмитрий Васильев өзіне ірі көлемде сыйақы тағайындады деп күдік келтірілуде

АСТАНА, 8 ноя — Sputnik. "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев 300 миллион теңгеден астам бюджет қаражат  жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

"Тергеумен АҚ-ның бас директоры Васильевтің сыйақыларды заңсыз төлеу жолымен бюджеттен 300 миллион теңге сомасында қаражат жымқырғаны анықталды. Бұл ретте өзінің сыйақысының  көлемін Васильев жеке өзі белгілеген", — делінген хабарламада. 

Оның ішінде футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі аяқталғанша үздік алтылыққа енуге "Ақтөбе" ФК футболшылары мен бапкерлеріне 69 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы беру дерегі анықталды. Көрсетілген соманың 15 миллион теңгесін Васильев өзі алған.

Сейсенбі, 8 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Васильевті ұстап, Ақтөбе облысы бойынша ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына отырғызды.


Жаңалықтар
0