Қоғам

Қазақстанның 29 қарашадағы басты оқиғалары

© Sputnik / Анатолий УстиненкоХалықаралық қар күні
Халықаралық қар күні - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 29 қарашада қазақстандықтарды қызықтырған ТОП-5 жаңалықтарды ұсынады.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ата-аналарға деген махаббат және бақыт туралы айтып берді; мұғалім Юрий Пактың апелляциялық шағымы сотта қаралды; Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауын түсіндірді; қызын ұрған ана судьядан тізерлеп отырып, балаларынан айырмауды сұрады; алматылық балалар ауруханасында өрт болды. 

Осы туралы Sputnik Қазақстан шолуында. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасы "Түнгі студияда" адамның бақытына әсерін тигіземін қарапайым нәрселерді атады. 

Шаттық - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы адам бақытының қарапайым сырларымен бөлісті

"Балаңды жақсы көру, үйіңдегі жұбайыңмен түсінісіп өмір сүру, жолдастарыңмен қатынасып, көңіліңді көтеру деген сияқты. Мұнша бүйтіп айтатын философия емес. Жай нәрселер адамның бақытына әсер етеді", — деді Назарбаев телебағдарламаның эфирінде.

Сондай-ақ, Назарбаев жастарды үлкендерге құрмет білдіруге шақырды.

"Әр уақытта ойланыңдар. Оларға бірдеңе бөліп берудің, жалақыларыңның жартысын беріп отырудың қажеті жоқ. Бес минут жанында отырып, мойнынан құшақтап, "папа", "мама" десең, соның өзі керек. Басқасының бәрі керегі жоқ. Айтарым осы еді сендерге", — деп түйді сөзін мемлекет басшысы.

Бірінші инстанция сотының физика пәнінің мұғалімі Юрий Пакқа қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлады агенттіктің тілшісі сот залынан.

Тағы бір резонансты іс – Павлодарда анасының өз қыздарын ұрып соғуы. Баланы ұрып-соғу сәті түсірілген аты шулы бейненің кейіпкері Нұргүл Докуова судьяның алдына тізерлеп тұрып, өзін кішкентай баларына қатысты ата-аналар құқығынан айырмауды өтінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айлиннің анасының ісі бойынша сот - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қызын ұрған ана судьядан тізерлеп отырып, балаларынан айырмауды сұрады

"Мен өмір сүргім келмейді! Мені кешіріңіздер, Құдай үшін! Өтінемін сіздерден!" – деп жылады әйел. Жауап беруші өзіне келіп, тынышталғанша сот отырысын тоқтауға тура келді. 

Жанар май бағасы ешуақытта өзектілігін жоғалтқан емес. Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанда бензиннің қымбаттауын түсіндірді.

Оның айтуынша, бензиннің бағасына қатысты басты мәселе Қазақстанның Аи-92 бензині бойынша 30%-ға Ресейге тәуелді екендігіне байланысты туындап отыр. 


Жаңалықтар
0