Қоғам

Елбасы адам бақытының қарапайым сырларымен бөлісті

© Public DomainШаттық
Шаттық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гарвардта жасалған сауалнаманың негізінде Бақыт деген ұғымның төрт сипатын атады.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан" телеарнасындағы Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасы "Түнгі студияда" адамның бақытына әсерін тигіземін қарапайым нәрселерді атады. 

"Гарвардта "Бақыт деген не?" деген сауалнама жасалыпты. Бақыт деген нәрсені түптеп келгенде бірнеше мың адам сұралып, төрт нәрседен тұратыны анықталыпты. Ең бірінші бақыт ол — балаң, бауырыңа басатын. Себебі әйелдің шашы жібектей болатыны күніне бір рет бала сипап өтсе, сол әйелдікі болады. Екінші — бойың сұңғақ, әдемі болудың себебі — тамағыңның жартысын ашқа берсең, дейді екен. Сонда, балаңды жақсы көру, үйіңдегі жұбайыңмен түсінісіп өмір сүру, жолдастарыңмен қатынасып, көңіліңді көтеру деген сияқты. Мұнша бүйтіп айтатын философия емес. Жай нәрселер адамның бақытына әсер етеді", — деді Назарбаев телебағдарламаның эфирінде. 

Соңынан ел президенті жастарға бата берді. "Бақыттарың басыңнан айырылмасын. Аумин", — деді Елбасы.

Бұдан бұрын осы айда, Назарбаев "Россия 24" телеарнасы мен Bloomberg News ақпараттық агенттігіне сұхбат берген.

Жаңалықтар
0