Қоғам

Қызын ұрған ана судьядан тізерлеп отырып, балаларынан айырмауды сұрады

© Sputnik / Василий ГолышкинАйлиннің анасының ісі бойынша сот
Айлиннің анасының ісі бойынша сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда Желіге күйеуін бопсалау үшін қызын ұрып-соғып жатқан сәті түсірілген бейнені салған әйел сот алдында жауап беруде.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Баланы ұрып-соғу сәті түсірілген аты шулы бейненің кейіпкері Нұргүл Докуова судьяның алдына тізерлеп тұрып, өзін кішкентай баларына қатысты ата-аналар құқығынан айырмауды өтінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Павлодар облысының жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында 28 қарашада білім беру бөлімінің қала тұрғыны Нұргүл Докуованың қыздары үш жасар Айлин мен тоғыз жастағы Айғанымға қатысты ата-ана құқығынан айыру туралы талап-арызы бойынша іс жалғасты. 

Айлиннің анасының ісі бойынша сот - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодар соты анасы соққыға жыққан қыздың тағдырын шешіп жатыр

Жауап беруші, оның адвокаты Гүлмира Сұлтанбекова және сәби әкесінің өкілі Гүлбахыт Бижанова ата-аналық құқықтан айыру туралы сот отырысының жабық өтуін сұрауына қарамастан, процесс ашық тәртіпте өтіп жатыр.  

Жауап беруші Нұргүл Докуова өткен отырыстарда секілді өзін өте эмоциялы ұстады. Үнемі жылап отырды. Судья бірнеше рет одан тынышталуын сұрады. Кейіннен әйелдің есірігі ұстап, тізерлеп отырып алып, өзін балаларынан айырмауды сұрады.

"Мен өмір сүргім келмейді! Мені кешіріңіздер, Құдай үшін! Өтінемін сіздерден!" – деп жылады әйел. Жауап беруші өзіне келіп, тынышталғанша сот отырысын тоқтауға тура келді. 

Бұдан бұрын Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазбада қыздардың анасы Нұргүл Докуова өзінің үш жасар қызы Айлинді балағаттап, ұрып соққан. Бейнежазба қоғамдық резонанс туғызды. Одан кейін қыздың әкесі полицияға жүгініп, бұрынғы азаматтық әйелін сәбиге қатыгездік танытуына байланысты қылмыстық жауапқа тартуды сұраған болатын. Сәби балалар үйіне жіберілген. Бірақ әкесі сотқа дейін қызының өзімен бірге тұруына рұқсат алды. Қазір Айлин әкесі мен әжесімен бірге тұрады. 
Жаңалықтар
0