Оқиға

Павлодар соты анасы соққыға жыққан қыздың тағдырын шешіп жатыр

© Sputnik / Василий ГолышкинАйлиннің анасының ісі бойынша сот
Айлиннің анасының ісі бойынша сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айлиннің анасы сот отырысы барысында қайтадан сәбиінің әкесі мен оның ата-анасын айыптады. Сот отырысы 28 қарашаға шегерілді.

АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Павлодарлық кәмелет жасқа толмағандардың ісі жөніндегі сотта білім беру бөлімінің үш жасар Айлин мен 9 жасар Айғанымның анасын ата-аналық құқығынан айыруға қатысты талап арызы бойынша алғашқы алдын ала сот отырысы өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда анасынан таяқ жеген қыз сот ісі біткенше әкесінің қолында болады

Бұдан бұрын Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазбада қыздардың анасы Нұргүл Докуова өзінің үш жасар қызы Айлинді балағаттап, ұрып соққан. Бейнежазба қоғамдық резонанс туғызды. Одан кейін қыздың әкесі полицияға жүгініп, бұрынғы азаматтық әйелін сәбиге қатыгездік танытуына байланысты қылмыстық жауапқа тартуды сұраған болатын. Сәби балалар үйіне жіберілген. Бірақ әкесі сотқа дейін қызының өзімен бірге тұруына рұқсат алды. Қазір Айлин әкесі мен әжесімен бірге тұрады. Сәби әкесінің өкілі Гүлбахыт Бижанова ата-аналық құқықтан айыру туралы сот отырысының жабық өтуін сұрауына қарамастан, процесс ашық тәртіпте өтті. 

Сот отырысы басталғаннан жауап беруші – Нұргүл Докуова – өзін өте эмоциялы ұстады. Үнемі жылап отырды. Судья бірнеше рет одан тынышталуын сұрады. 

Терезе - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Павлодарда таяқ жеген сәби: әкесі қызын өз қамқорлығына алмақшы

Бұл отырыста арыз берушілер өз талаптарын қойды. Бұл ретте Гүлбахыт Бижанова қыздарға қатысты жасалған сараптама қорытындыларын іске қоса тіркеуді сұрады. Бірақ сот бұл мәселенің шешімін кейінге қалдырды. Сондай-ақ, ол сотқа анасының қызына қатыгездік жасайтынын растай алатын әжесі, атасы мен көкесін шақыруды сұрады. Бұдан бөлек, адвокат жауап берушінің екі қызына да қатысты соттық-психологиялық сараптама тағайындауды сұрады. 

"Ата-аналық құқықтан айыру туралы мәселе шешіліп жатқандықтан, біз психологтың бізге нақты сұрақтарға жауап бергенін қалаймыз. Атап айтқанда, балалардың мазасыздану деңгейін анықтауға қатысты. Өйткені кіші қыз, алдыңғы сараптамалардың қорытындылары бойынша, айтарлықтай мазасыз күйде", — деді Гүлбахыт Бижанова. 

© Sputnik / Василий ГошыкинАйлиннің әкесінің адвокаты Гүлбахыт Бижанова
Айлиннің әкесінің адвокаты Гүлбахыт Бижанова - Sputnik Қазақстан
Айлиннің әкесінің адвокаты Гүлбахыт Бижанова

"Айлиннің әкесімен бірге тұрғанына үш апта болды. Бұл уақытта қыз анасын бір ретте есіне алмады. Яғни сәби өзін психологиялық тұрғыдан тыныштандырып, сол жағдайды ұмытқысы келеді. Сондықтан қазір қыздың оның өмірде анасының болуына қалай қарайтынын анықтау қажет. Анасы сәбиімен кездесуді талап етіп, бала бақшаға барып тұрады. Бірақ менің сенім білдірушімнің ұстанымы бүгінгі таңда нақты – ол анасын ата-аналық құқығынан айыруды сұрайды, қыз сонымен бірге болуға тиіс", — деді адвокат.

Бұдан бөлек, Бижанованың  айтуынша, қыздың әкесі Ермұрат Қасымов азаптау дерегі бойынша Нұргүл Донақоваға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуді көздеп отыр. 

© Sputnik / Василий ГолышкинЕрмұрат Қасымов
Ермұрат Қасымов  - Sputnik Қазақстан
Ермұрат Қасымов

Жауап беруші сот отырысында, болған жағдайға өзі ғана кінәлі еместігін алға тартады. Өзін мұндай жағдайға бұрынғы күйеуі Ермұрат Қасымов пен оның ата-анасы жеткізгенін мәлімдейді. 

"Күйеуім үнемі арақ ішіп, мені соққыға жығатын. Көбіне үйден кетіп қалатын. Оны балалар тоқ па, аш па алаңдатпайтын. Ол жұмыс істемейтін, үнемі менен ақша талап ететін", — деді әйел. 

Әйел адвокатының сотқа қатыса алмауына байланысты соттан отырысты кейінге қалдыруды сұрады. Дегенмен адвокаттан отырысты кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген. Соттың келесі отырысы 28 қарашада өтеді. 


Жаңалықтар
0