Өңірлер

Павлодарда анасынан таяқ жеген қыз сот ісі біткенше әкесінің қолында болады

© PhotoСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелге қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik.  Павлодарда анасынан таяқ жеген кішкентай қыз Айлин сот талқылауы біткенше әкесінің қолында болады деп хабарлады қалалық білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық секторы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Роза Ақылбекова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Анасынан таяқ жеген қыз туралы маман пікірі: мемлекеттік органдар қайда қарады

"Бүгін қызды әкесінің қамқорлығына беруге шешім қабылдадық. Бәлкім ол қазір қызды балалар үйінен алып кеткен шығар. Сот талқылауы біткенше қыз әкесінің қолында болады", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы.

Бұдан бұрын Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған бейнежазбада белгісіз бір әйел жыламсыраған сәбиді балағаттап, ұрып соққан. Бейнежазбаның астында әйелдің туған қызын бұрынғы күйеуін бопсалау үшін ұрғаны жазылған. Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. Ол Павлодар қаласының 1982 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Әйелге қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. 2012 жылы туылған сәби балалар үйіне жіберілді. 

 

 

Жаңалықтар
0