АСТАНА, 29 қар – Sputnik. Келісу комиссиясы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне "Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушының авиатасымалдар құнын көтеруін тексеруді тоқтату туралы ұсыныс берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Келісу комиссиясының құрамына монополияға қарсы органның қызметкерлерімен бірге, ҰКП, Азаматтық авиация комитеті, Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы, Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығының өкілдері кірді.
Келісу комиссиясының мүшелері монополияға қарсы орган үшін, атап айтқанда, ұсынылған материалдар негізінде монополиялық жоғары баға белгілеу фактісінің дәлелденбегеніне байланысты тергеп-тексеруді тоқтату, сондай-ақ 2017 жылы тұрақты ішкі рейстермен жолаушылар авиатасымалы көрсетілетін қызметі нарығына талдау жүргізуге өздерінің ұсыныстарын айтты.
"Эйр Астана" АҚ тұтынушылардың тарапынан ескертулерді есепке ала отырып, бағалардың үстіңгі шегін төмендету арқылы ішкі авиатасымалдар қызметтеріне бағаларды оңтайландыру және тұтынушылардың арасында ұсынылатын қызметтерге баға белгілеу тетігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.
"Бұл ұсыныстар бұдан әрі баға саясаты аса ашық болатынын және компания клиенттері авиабилеттерге тарифтердің қалай қалыптастырылатынын білетін және түсінетін, ал тариф белгілеу кезінде жүктеме бірқалыпты болатынын, бұл билеттердің негізгі бөлігі құнының төмендеуіне алып келетінін білдіретін болады", — деп ақпараттандырды ведомствода.