Экономика

"Эйр Астана": билеттер теңге девальвациясы салдарынан қымбаттап кетті

© Photo : Официальная страница авиакомпании "Эйр Астана" в Facebook"Эйр Астана"әуе компаниясының ұшағы
Эйр Астанаәуе компаниясының ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Эйр Астана" әуе компаниясы билеттердің бағасын көтергенімен, 2016 жылдың алғашқы жартысындағы шығыны 6,6 миллион долларды құрады

АСТАНА, 4 қаз— Sputnik. Қазақстандық әуе компаниясы "Эйр Астана" әуе билеттері бағасының көтерілуін 2015 жылы тамызда болған теңге девальвациясына орай шығындардың көбеюінен деп түсіндірді, сондай-ақ билеттердің бағасына қатысты әуе тасымалы нарығының басқа қатысушыларымен ешқандай келісімге келмегенін айтып өтті.

Самолет UP CJ 008 авиакомпании Scat - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Scat және Qazaq Air өз борттарында Galaxy Note 7 -ні пайдаланбауды сұрайды

Жұма күні 30 қыркүйекте бас көлік прокуратурасының кеңейтілген отырысында биылғы жылы әуе билеттері бағасының өсуі 40%-ды құраса, жекелеген маршруттар бойынша 77%-ға жеткенін мәлімдеді. Сонымен қатар, "Эйр Астана"  әуе компаниясының бағасы басқа тасымалдаушы компаниялардыкінен 50%-ға айтқаны атап өтіліп, антимонополия органы компанияның өз басымдылығын шектен тыс пайдаланғаны жөнінде тексеруін бастап кетті. "Эйр Астананың" сейсенбі күні кеңейтілген түсініктемесінде, қазіргі кезде Қазақстанда төрт әуе компаниясы барлық бағытта тұрақты рейстерді жөнелтіп отыр деп нарықтың ашық екенін еске сала кетті.

"Эйр Астана" әуе билеттерінің бағасы туралы ішкі нарықтағы бәсекелестері "Скат", "Бек Эйр" немесе "Казах Эйр" әуекомпанияларымен ақылдаспайды. Әуе компаниясының бірде-бір қызметкері баға келісімі туралы іс-әрекетке қатысып көрген емес – деп түсініктемеде айтылған.

Әуе компаниясының мәліметі бойынша, былтырғы жылғы ұлттық валюта девальвациясы салдарынан теңге бойынша барлық шығындар артып кеткен.        

Жаңалықтар
0