Қоғам

Сағынтаев "Эйр Астана" бойынша тергеу туралы: істі аяғына дейін жеткізу керек

Жазылу
Қазақстанның алып әуе компаниясы "Эйр Астанаға" билеттердің бағасы күрт өсіріп жібергендіктен, монополиялық жағдайын пайдаланып отыр деген күдік тағылып отыр.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. "Эйр Астана" әуе компаниясына қатысты тергеу ісін монополияға қарсы заңнама аясында жүргізіп, жұмысты соңына дейін жеткізу керек деп мәлімдеді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев. 

Архивное фото самолета авиакомпании Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Эйр Астана" бәсекелестікті қорғау комитеті үстінен Бас прокуратураға шағым түсірді

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сөзіне сүйенсек, Астана-Орал, Астана-Алматы бағыттары бойынша "тарифтер айтарлықтай өсіпті". 

Ол "Самұрық-Қазына" қорына ресми сұрату жіберіп, рейстердің өзіндік құнын есептеп шығаратындығын мәлімдеді. Осы мәліметтерден кейін ғана компанияның монополиялық жағдайын пайданып, бағаны өсіріп отырғандығы шын ба, белгілі болады деді Бишімбаев. 

"Егер бағалар әділ болса, онда ешқандай айып таға алмаймыз. Бірақ субъективті жағдайлар болып жатса, мәселен, монополияға қарсы кіріс пайдаланылса, заңнамаға сәйкес шешім қабылдаймыз", — деп сөзін қорытындылады премьер-министр. 

Жаңалықтар
0