Экономика

"Эйр Астана" бәсекелестікті қорғау комитеті үстінен Бас прокуратураға шағым түсірді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивное фото самолета авиакомпании "Эйр Астана"
Архивное фото самолета авиакомпании Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық әуе тасымалдаушы "Эйр Астана" АҚ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасы Серік Жұманғариннің әуе компания монополияға қарсы заңнаманы бұзды деген мәлімдемесін шындыққа жанаспайды деп атады.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. Ұлттық әуе тасымалдаушы "Эйр Астана" АҚ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасы Серік Жұманғариннің әуе компания монополияға қарсы заңнаманы бұзды деген мәлімдемесін шындыққа жанаспайды деп атады.

Жұманғарин өткен бейсенбі, 6 қазан күні, журналистерге "Эйр Астана" өзінің тасымалдарына тарифтерді күрт өсірді, осыған байланысты комитет тексеру жүргізіп жатыр деп хабарлады. Монополияға қарсы әрекеттер анықталған жағдайда айыппұл салынып, бағаны лайықты деңгейге төмендету талап етіледі деген. Тексеру қарашада аяқталады деп күтілген, алайда Жұманғариннің айтуынша, тексеру мерзімін тағы екі айға ұзарту мүмкіндігі бар екен.

Сейсенбі күні "Эйр Астананың" баспасөз қызметі Жұманғариннің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

"Тексеру нәтижелерін күтпей және олармен әуе компаниясын таныстырмай, тиісті тексеру жүргізуде бейтараптықты, тәуелсіздік пен әділдіктің сақталуын талап ететін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұза отырып, монополияға қарсы ведомство басшысы бұқаралық ақпарат құралдарына шындыққа жанаспайтын көптеген мәлімдеме жасайды. Әуе компаниясын монополиялық жағдай мен бағаны негізсіз өсірді деп айыптады… Осыған байланысты әуе компаниясы кәсіпорынның заңды құқықтарының бұзылуын доғару мақсатында Бас прокуратураға шағым түсірді", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0