Қоғам

Калеева: Ғабдуллиннің ісі журналистика үшін қауіпті прецедентке айналуы мүмкін

© Photo : pressclub.kzТамара Калеева
Тамара Калеева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілшінің әріптестері оның мұндай қылмысты жасамағанына сенімді.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Central Asia Monitor газетінің бас редакторы мен Radiotochka.kz ғаламтор-порталының директоры, атақты тілші Бигелді Ғабдуллинге тағылған айып болашақта кез келген журналистік сын заңға қайшы болып танылуы мүмкін екендігін дәлелдейді деп санайды "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева.

Тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бигелді Ғабдуллин бопсалау күдігі бойынша ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 15 қараша күні  Бигелді Ғабдуллиннің бопсалау дерегі бойынша ұсталғанын хабарлаған еді. Тергеу мәліметінше, Ғабдуллин қарауындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткен. Осыдан кейін Ғабдуллин сынды азайтқаны үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған.

Сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Калеева Ғабуллинге тағылған айыпқа қатысты өз ойын білдірді. Оның ішінде, жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тілшіні қызметтік абыройды түсіру мақсатында жағымсыз мақала жариялап ақпараттық шабуыл жасады деп айыптағанына алаңдайтындығын мәлімдеді.

"Қызметтік абыройға дәйексіз ақпараттар жарияланған кезде ғана нұқсан келеді. Бір мәмлеге келу мүмкін болмаған жағдайда, таратылған деректердің дәйексіздігі сотта дәлелденуі тиіс. Central Asia Monitor және Radiotochka.kz жарияланымдары бойынша сотқа бірде-бір шағым түскен емес. Демек бұл мәліметтердің бәрі дәйекті болып саналады", — деп атап өтті ол.

Бигелді Ғабдуллин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Құқық қорғаушылар Бигелді Ғабдуллиннің ұсталуы туралы пікірін білдірді

Калеева Ғабуллиннің тәжірибелі әрі кәсіби тілші екенін атап өтіп, мұндай қылмысқа баруы мүмкін емес екендігін айтты.

Осы күні Калеева, қоғамдық қайраткер Мұрат Әуезов және тілші Кенже Татильдің бірігіп жазған ашық хаты көпшілікке таратылды. Бұл хатта Қазақстанның тілшілер одағанының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ директоры Әсет Матаевты соттағаннан кейін, Ғабдуллиннің қамауға алынуы "тілшілер қауымын есеңгіретіп тастағаны" айтылады. 

Жаңалықтар
0