АСТАНА, 15 қар — Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге қатысты бопсалау дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.
"Тергеу кезінде Ғабидуллиннің өз бақылауындағы "CentralAsiaMonitor" және "Radiotochka.kz" бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткені анықталды", — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Ғабдуллин осыдан кейін сынды азайту үшін лауазымды тұлғалардан өз медиаресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған. Олар, өз кезегінде Ғабдуллиннің компанияларын лоббилеп, мемлекеттік сатып алулар туралы келіссөздерге қол қойылуын қамтамасыз еткен. Осыдан кейін, БАҚ-тарда олардың қызметі туралы тек жағымды материалдар жариялана бастаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің деректеріне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінде Ғабдуллин бюджет қаражатынан 10 миллион теңге бопсалаған. Осыған ұқсас жолмен Ғабдуллин жеті мемлекеттік органнан мемлекеттік тапсырыс алған.
Қазіргі уақытта Ғабдуллин ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының негізінде ұсталып, Астана ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр.