Қоғам

Маңғыстау облысының билігі Виканы елінде жерлеуге көмек көрсетеді

© Sputnik / Наталья Шимолинашам - рекадр
шам - рекадр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қыздың мүрдесін Ақтауға жеткізуге және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі

АСТАНА, 22 қар — Sputnik. Маңғыстау облысының әкімдігі қаскүнемнің қолынан зардап шегіп, бір күн бұрын қайтыс болған қыздың мүрдесін Ақтауға жеткізуге көмектеседі, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Астананың медицина орталығы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алты жасар Виканың өлімі: дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресті

"Маңғыстау облысының әкімдігі құжаттар заңды түрде рәсімделгеннен кейін Викторияның мүрдесін Ақтауға жеткізуге және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға көмектеседі", — деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

Өңір билігі Викторияның ата-анасына, жақындары мен туыстарына көңіл айтады. 

"Викторияның ата-анасының, туысқандарының және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Әрине, бұл өкінішті жағдай. Викторияны сауығып кетеді деп үміттеніп едік. Осыған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі баланы Астана қаласындағы Ана мен баланың ұлттық орталығына жеткізуге көмектескен болатын. Викторияның мүрдесін Ақтауға жеткізуге сөзсіз жәрдемдесеміз. Ақтау қаласында өткізілетін жерлеу рәсімдеріне де қолғабыс етеміз. Қазіргі уақытта авиатасымалдаушылармен сөйлесіп жатырмыз. Құжаттар дайын болғаннан кейін, бірден мүрдені Ақтауға жеткіземіз", — деді Бану Нұрғазиева. 

Қоршауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтауда қызды зорлады деген күдіктінің ағасы өлі табылды

Бұрын хабарланғандай, Қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер  ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. 

Дүйсенбі, 21 қараша күні қыз көз жұмды. Бұрын Ана мен бала ұлттық орталығының "University Medical Center" корпоративті қорының филиалына ресейлік профессор Сергей Царенко келген.  © SPUTNIK / АЛЕКСЕЙ ДАНИЧЕВ Дәрігерлер: Ақтаулық қызды емдеуде эксперименталды әдістерді пайдалану мүмкін емес Оның сапары аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізілген. Ол "мидің өлімі" диагнозын растаған.  Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ.  Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды.


Жаңалықтар
0