АСТАНА, 18 қар — Sputnik. Ақтауда алты жасар Викторияны зорлады деген күдіктінің ағасының өлі денесі табылды, деп хабарланады tumba.kzбасылымының сайтында.
Басылымның деректеріне сәйкес, 37 жастағы ер адам 26 шағын аудандағы өзінің пәтерінде өлі күйінде табылған. Пәтерді өрт сөндірушілердің көмегімен ашқан. Өлген адамның көршілерінің айтуынша, оны соңғы рет сенбі күні көрген. Осан дейін ол заттарын сатып келген, олардың болжамынша, оның күн көріс ақшасы болмаған. Ер адамның өлу себебі анықталмаған.
Қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды.