Оқиға

Алты жасар Виканың өлімі: дәрігерлер оның өмірі үшін соңына дейін күресті

© Sputnik / Баубек КоныровАстананың медицина орталығы
Астананың медицина орталығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың организмі тіршілік әрекетін ұстап тұратын аппараттарға әсер етпей қойды.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Ақтауда зорланған алты жасар Викторияның өлімінің кейбір нақты деректерін "University Medical Center" корпоративтік ұжымның баспасөз қызметінде жариялады. 

Бұрын хабарланғандай, Қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп, зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер  ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады. 27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді. Оның жағдайы аса ауыр деп бағаланған, қыз үш ай бойы комада жатты.

"Ол бүгін сағат 17.20-да көз жұмды. Оны емдеген дәрігерлер, қыздың өмірі үшін соңына дейін күресті. Жалпы ол 87 тәулік өмір сүрді. Бұл уақытта АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Израиль, Польшаның алдыңғы қатарлы мамандарының қатысуымен бірнеше консультациялар жүргізілді. Оны соңына дейін (аппараттармен), толық декомпенсация болғанға дейін, яғни организмі аппараттық ұстап тұруға әсер етуін толық тоқтатқанға дейін ұстап тұрды", — деді Sputnik Қазақстанға UMC баспасөз хатшысы Данияр Меңлібеков. 

Бұрын Ана мен бала ұлттық орталығының "University Medical Center" корпоративті қорының филиалына ресейлік профессор Сергей Царенко келген.  

Оның сапары аясында профессордың қатысуымен орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым тиген балалар, оның ішінде ақтаулық алты жасар қыз үшін консультациялар өткізілген. Ол "мидің өлімі" диагнозын растаған.  Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда Қазақстанда Ресейде секілді мидің өлімі адамның өліміне теңестірілетін заң жоқ. 

Қылмыс жасады деген күдік бойынша өз кінәсін мойындамай отырған ер адам қамауға алынды. 


Жаңалықтар
0