Оқиға

Дәрігерлер Көкшетауда асылып қалған баланың өліміне не себеп болғанын мәлімдеді

© Sputnik / Ирина СемибратоваЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Жедел жәрдем" дәрігері белдікке асылып қалған тоғыз жасар бала туралы сөз қозғап, балалар арасындағы мұндай өлімнің себептері туралы өз пайымдауын айтты.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Көкшетауда асылып қалған үшінші сынып оқушысы туралы толығырақ деректер анықталды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Больница, носилки - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда тоғыз жасар бала асылып қалған

Бала білім алған №11 орта мектепте тоғыз жасар Романға өте жақсы мінездеме берілді. Мұғалімдердің айтуынша, бұл кездейсоқ болған жайт, көңілді әрі өзгелермен тез тіл табысатын оқушының өз өзіне қол жұмсауы мүмкін емес. 

Еске сала кетсек, оқиға 17 қараша күні болған. Тоғыз жасар бала өз бөлмесінде белдікке асылып қалған күйінде табылған. 

"Бала әжесінің қолында тәрбиеленген, ол кісі дүкенде сатушы болып істейді екен. Сол күні әжесі жұмыста болып, көршісіне немересін қадағалауды тапсырып кетіпті. Бала асыр салып ойнап жүреді. Кенет тып-тыныш бола қалады. Алаңдаулы әйел пәтерге кіріп келіп, баланы белдікке асылып қалған күйінде тауып алған", — деп хабарлады Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

ҚР ҚК 105-бабы (Өзін өзі өлтіруге жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

"Баланың тағдыры оңай емес еді, — дейді №11 мектеп директоры Айгүл Нөгертаева. – Анасы 2011 жылы ата-ана құқығынан айырылды, әкесі бұрын сотталған, Алматы облысында тұрады. Роман әжесінің қолында болатын, ол кісі жеткіншекке бар өмірін арнады".

Бала көтеріп тұрған әйел - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда бір жасар қыз суы бар шелекке тұншығып қалды

Баланың өліміне себеп болған жайттарды тергеу жұмысы анықтайды.

Сол күні дәрігерлер оқиға орнына жедел түрде жетті.

"Жан сақтау бригадасы оқиға орнына бес минут ішінде жетті, бірақ бәрі кеш болатын, баланың көз жұмғандығы хабарланды", — дейді Көкшетау жедел медициналық жәрдем станциясы бас дәрігерінің сапалы медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Инна Беспалова.

Беспалованың пайымдауынша, қайғылы оқиғаға жасөспірімдер арасында тарап кеткен  "өліммен ойнау" себеп болуы мүмкін.

Жеткіншекті жерлеу рәсімі жексенбі 20 қарашада болды. 

Жаңалықтар
0