Оқиға

Көкшетауда бір жасар қыз суы бар шелекке тұншығып қалды

CC0 / / Бала көтеріп тұрған әйел
Бала көтеріп тұрған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

АСТАНА, 19 қар — Sputnik. Оқиға Көкшетауда 18 қараша күні кешке болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінде.  

Шақыруға келген жедел жәрдем станциясының фельдеші бір жасар қыздың жансыз денесін көрді. Оқиға орнына тергеу-жедел тобы келіп жетті. Үй-ішіндегілердің айтуынша, 2015 жылы туылған қыздың абайсызда суы бар шелекке түсіп кетіп, тұншығып қалған. Қаза тапқан сәбидің анасы 23 жаста екені белгілі. 

Зорлық өлімінің белгілерсіз қыздың денесі мәйітханаға жіберілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0