АСТАНА, 19 қар — Sputnik. Көкшетауда тоғыз жасар бала өз үйінде асылып қалған күйі талды, полиция жазатайым оқиға болды деп болжап отыр, деп хабарлады Sputnik Казахстанға құқық қорғау органдарындағы дереккөзі.
Қайғылы оқиға 18 қараша күні кешке орын алған.
"2007 жылы туылған жеткіншек аулада ойнап, үйіне кірген. Шамалы уақыт өткеннен кейін оны сөренің тұтқасына байланған белдікке асылып қалған күйінде тауып алған", — деп хабарлады агентпен әңгімелесуші.
Оның мәліметінше, оқушы әжесімен тәрбиеленген. Баланың денесінде зорлық белгілері анықталған жоқ. Жеткіншектің өлу дерегі бойынша "Өзін өзі өлтіруге жеткізу" деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алайда, полицияның болжамынша, бала абайсызда қылқынып қалған болуы мүмкін.