АСТАНА, 15 қар – Sputnik. Ақмола облысында танымал кәсіпкер Жанат Өсербаевты өлтірді деп айыпталғандар сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот актісіне сілтеме жасай отырып.
Процесс алқа билердің қатысуымен өтті. Олар 46 жасар Нарсудин Хашиев пен оның екі сыбайласы Жанат Өсербаевты өлтіруде кінәлі деп таныды.
Мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы алқа билердің үкімі негізінде үш сотталушыны әр қайсысын жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 15 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.
Сотталғандар жәбірленуші тарапқа моральдік зиянды өтеу есебіне 6 миллион теңге төлеуге тиіс.
Үкімге сәйкес, Щучинск қаласының үш тұрғыны жақтырмауларына байланысты 31 жасар кәсіпкер Жанат Өсербаевты өлтірмек болған.
1 мамырдан 2 мамырға қараған түні олар жол талғамайтын Toyota Prado көлігінде оның үйінің жанына келген. Кәсіпкер жолдасымен көлігінен шыққан бетте олар алдын ала дайындап қойған метал трубаларымен бас салған.
Шабуылшылардан құтылу үшін кәсіпкер травматикалық тапаншамен ата бастаған. Шабуылшылар оны шалып құлатып, трубамен соққыға жыққан. Одан кейін есінен танып қалған Өсербаевты олар көлікке салып алып, адамдар жоқ жерге алып кеткен. Орынға жеткен кезде алған жарақаттардан кәсіпкердің көз жұмғаны анықталған.