Оқиға

Бейтаныс жанды өлтіргені үшін Қызылорда тұрғыны 11 жылға сотталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ ұстаған ер адам
Пышақ ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс жолай өтіп бара жатқан адаммен текетірес салдарынан болған: удай мас сотталушы бейтаныс адамның іші мен кеудесіне бірнеше мәрте пышақ салған.

АСТАНА, 15 қар  — Sputnik. Жолай кездескен адамды өлтіргені үшін Қызылорда тұрғыны 11 жыл бойы ерекше тәртіпті түзету колониясында жазасын өтейді деп хабарлады Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Пышақ, балта - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Атыраудағы кісі өлтіру: психикалық ауру адам күдікті болып отыр

"Сотталушы таныстарымен бірге ішімдік ішіп тұрған. Сол сәтте жолай өтіп бара жатқан адам олардан шылым сұрайды. Ер адам мен бір топ жігіттер арасында  қақтығыс туындап, ақыры соңы төбелеске ұласады. Бейтаныс адам жолдастарының бірін ұрып жатқанын көрген сотталушы оның іші мен оң жақ өкпе тұсына бірнеше мәрте ас үй пышағын салған. Ауыр жарақаты салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмды", — деді ведомство баспасөз қызметінде.

Сотталушы 2011 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылға сотталған екен. 

Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1- бөлігінде (қасақана кісі өлтіру, сегіз жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі) қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды және 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. 

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Жаңалықтар
0